Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты 4 «Б» сыныпта Ахмет Байтұрсынов туралы сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: балаларға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, дәріптеу. Сайыс Ахмет Байтұрсынұлы туралы презентациядан басталды, балалр ақын туралы ақпараттармен танысып, ары қарай оның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Сайыстың басты мақсаты ақынның өлеңдерін жаттап келіп, жатқа айту болатын. Бұл сайыста балалар өздерін әр қырларынан көрсете білді, яғни мәнерлеп оқу, дұрыс сөйлей алу мәдениеті және т.б. Балалардың ішінен Мазур Ксения өзінің ерекшелігімен алға шығып «Ең үздік мәнерлеп оқушы» номинациясына ие болды, Метлина Ярослава «Ең шығармашыл» номинициясына ие болды, Агеева Ксения мен Рудик Василиса «ең жауапты» және белсенділігі үшін Пилявец Еваға мадақтау қағазы берілді. Балаларды дауыс беру мен шапалақтау арқылы комиссия мүшелері бағалады. Сайыс соңында балаларға тәтті сыйлықтар беріліп, сайыс өз мәресіне жетті.