Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ерлік сабағы"

23.02.2022

21.02 2022 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 33 жыл толуына орай Шоқан Уәлиханов атындағы 8 жалпы білім беретін мектепте 10 "А" сынып оқушыларымен "Ерлік сабағы" өткізілді .Интернационалист-жауынгер, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагері Жанат Клышбаевич Карагизовпен кездесу ұйымдастырылды. Сабақты бастамас бұрын, барлығы қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендерді бір минут үнсіздікпен еске алды.Мейман Еңбекшілдер ауданы Сәуле ауылында дүниеге келгенін, 1986-1988 жылдары әскери қызмет өткергенін айтты. Ауғанстанда әскери міндеттерді орындау кезінде интернационалист жауынгерлердің халықаралық борышын ,батылдығын, жауынгерлік достығын орындау туралы, оқушыларға бейнеролик көрсетілді .Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,ардагерге қызықты әңгімесі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық тіледі. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні-бұл Ауған ардагерлерінің мерекесі, сондай - ақ қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу және аза тұту күні.

Просмотров: 498


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст