Текст
"Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесі қарсаңында 1-сыныпта "Бірлік сабағы"өтті.
Міндеттері: әр түрлі ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынас қалыптастыру; адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрметтеу және бағалау; патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу.
Осы тақырыпта оқушылармен әңгіме, викторина жүргізілді. Сонымен бірге, Отан туралы мақал-мәтелдермен танысып, "Қазақстан Ассамблеясы" атты бейнеролигін тамашалады.
Сынып сағатының соңында балалар жүрек түрінде жақсылық пен бақыт тілейді.