Текст
26.04.22 жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа жол-патрульдік полициясының аға инспекторы аға лейтенант Т.О. Мұхтаров қатысты, ол жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, велосипедшілер мен самокатта жүрген балалардың жолдағы мінез-құлқы туралы айтып берді. Екінші сұрақ бойынша мектеп психологы М. А. Мухамеджанова сөз сөйледі. Өз баяндамасында балалар агрессиясының себептері туралы айтып өтті. Агрессияның не екенін, агрессияның түрлері туралы, ата-аналарға бала агрессивті болса, өзін қалай ұстау керектігін және баланың агрессиясын қоздырмай жанжалды жағдайдан қалай шығу керектігі туралы мәліметпен таныстырып өтті.