2022 жылдың 28 сәуірінде Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығына орай Степногорск қаласы мен елді мекендердегі мектептердің әскери-патриоттық клубтары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен қалалық жарыстар өтті.Жалпы саны 10 команда қатысты.Ш.Уалиханов атындағы 8орта мектебінің оқушылары да сайысқа қатысты.Жігіттеріміз жалпы командалық жүлдеге ілінбесе де, «Мерген» сайысы сияқты белгілі бір сайыс түрлерінде өз қабілеттерін лайықты көрсете білді. 5 адамнан тұратын пневматикалық мылтықтан ату командасы нысанаға дәл тиіп, 3-орынға ие болды.2-жаттығуда жалпы дене шынықтыру дайындығы: денені шалқасынан көтеруді 7 «Б» сынып оқушысы Никита Яковенко , 1 минутта 52 рет орындап, жақсы нәтиже көрсетті.Жігіттер командалық рухты көрсетті, жарайсыңдар!!!