Текст
6 мамырда 5А сыныбында ҰОС батырларының балаларын еске алуға арналған сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты Ұлы Отан соғысы туралы білімді кеңейту, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетуді, батырлардың ерліктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу болды. Балалар өздерінің ҰОС қатысқан туыстары, олардың ерліктері мен марапаттары туралы әңгімелерімен бөлісті.