2022 жылдың 24 мамырында мектепте дарынды және үздік оқушылар шеруі өтті . Шерудің негізгі міндеті-білімге ұмтылған, сапалы білім алудың маңыздылығын түсінетін оқушыларға құрмет көрсету . Жақсы және өте жақсы оқитын оқушыларға, олимпиадаларда , ғылыми-практикалық конференцияларда, спорттық жарыстарда және шығармашылық конкурстарда жүлделі орындарға ие болғаны үшін үлкен рақмет. Сіздер өз біліміңізді арттырып, үлкен биіктерге жетесіздер деп үміттенеміз. Үздік оқушылар мен дарынды балаларға Қалалық білім бөлімінің атынан естелік сыйлықтар мен грамоталар, "мектеп мақтанышы" кубоктары табысталды. Шерудің барлық қатысушыларын мектеп басшысы М.М. Есжанов құттықтады. Мектепте осындай балалар көп болатынына сенім білдірді. Ол балаларға
алдағы уақытта шығармашылық табыстар тіледі.