Дәстүр бойынша "Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ 2022 жылдың 25 мамыр күні соңғы қоңырау мерекесі өтті. Мерекенің басты кейіпкерлері он бірінші сынып оқушылары болды. Шын жүректен ақ тілекпен мектеп басшысы М. М. Есжанов балаларға өмірдегі жетістікке жетуге, арман-тілектерінің орындалуына сәттілік тіледі. Сонымен бірге, балаларға жақсы жетістіктері мен мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыстады. Мектеп түлкетері нағыз мереке ұйымдастырды. Бірінші сынып оқушылары мұғалімдер мен мектеп туралы әндер мен өлеңдер айтты. Балаларды ата-аналар мен мұғалімдер құттықтады.
Соңғы сөз, әрине, 11 сынып оқушыларына берілді. Балалық шақпен қоштаса отырып, өз жақындарына, мұғалімдеріне, ата-аналарға, мектепке алғыстарын білдірді.