Текст
8 қыркүйек күні 11"А" сыныбында тілдер апталығы аясында Ахмет Байтұрсыновтың мерей тойына байланысты " Ахмет Байтұрсынов қоғам қайраткері" атты ашық сабақ өтті. Оқушылар ақынның өмірбаянымен, мысалдары, шығармашылықтары мен танысты. Оқушылар сабақ барысында берілген тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап шықты. Шило Полина ақынның портретін салып, өмірбаянына қысқаша шолу жасады. Тапсырманың әр кезеңінде берілген тапсырмаларды нақтылау үшін постер жасап, қорғап, дәлелдеп отырды. Соңғы кезеңінде стикерлер арқылы кері байланыс жасады.