Текст
14.09.2022 ж 7"В" сыныптарда қазақ тілі сабағында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты болып өтті. Сабақта балалар ақынның қиын тағдырымен таныса отырып, ақын туралы көптеген ақпараттар білді. Сабақ барысында мұғалім тақтадағы тапсырмалармен таныстырып, сол тапсырмалар бойынша балалар таратпалардағы сұрақтарға жауап беріп, екі топқа бөлініп, оның өмірі мен шығармашылығы туралы постер дайындады. Екі топ постерлерін қорғап Ахметтің өмірі туралы біраз мағлұмат білді. сабақ соңында балалар үйден дайындап келген рефераттарын оқып, оның шығармаларынан үзінді оқыды.