Текст
2022 ж.15 қыркүйек күні Ш.Уәлиханов атындағы #8 ЖОББ мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында ұшқыш-штурмовик, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, Ақмола облысының тумасы Талғат Бигелдиновты еске алуға арналған футбол және шағын футболдан спорттық жарыстар өткізілді. Жас футболшылар батырдың қысқаша өмірбаянымен, оның соғыс жылдарындағы ерліктерімен танысты, сондай-ақ, генерал-майордың спорттық қызығушылықтары туралы білді.
Мақсаттары мен міндеттері: өз елінің батырларын еске алуға құрметпен қарауға, Ұлы Отан соғысы жылдарында халқымыздың көрсеткен ерлігі үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, өткеннің даңқты беттерін құрметтеу сезімін дамыту; спорттық ойындармен айналысуға деген ұмтылысты қалыптастыру.