Текст
19.01.23 4 «Г» сыныбында Дүниетану пәні бойынша ашық сабақ өтті Сабақтың тақырыбы: Табиғат апаттары.Менің ауданымда қандай апаттар болуы мүмкін? Оқушылар апаттардың адам әрекетіне әсерін талдап, апат түрлерін ажыратты, табиғи апаттар кезіндегі тәртіп ережелерін жасады, топпен, жұппен жұмыс жасады. Жауаптарын өмірден алынған мысалдармен бекітті, картамен жұмыс істеді, оқулық мәтініндегі мәліметтерді пайдаланды.Жұмыстарын маршрут парақтарында бағалады!