«Шоқан Уәлиханов атындағы No8 орта мектеп» КММ-де бастауыш сынып онкүндігі аясында 2023 жылдың 18 қаңтарында 3 «Г» сыныбында әдеби оқудан ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: В.В. Бианчи «Музыкант». Сабақтың ұраны: «Музыка – әлемді бір арнаға тоғыстыратын әмбебап тіл!». Сабақта музыкалық үзінділерді, шығарма мәтінінен үзінді тыңдау арқылы жағымды көңіл-күй туғызу оқушылардың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етті. Балалар жемісті жұмыс істей білді, сабақтың мақсатына жетуге шығармашылықпен қарай алды. «қорған», «колхозшы» деген сөздермен танысу шығарманың сюжеттерін жақсырақ елестетуге мүмкіндік берді. Топтық жұмыс жұптық жұмыс қызықты болды, бұл балалар ұжымының ұйымшылдығына ықпал етті.Сабақтың барлық кезеңдерінде табиғатқа ұқыптылықпен қарау байқалды. Балалар адам бойындағы қасиеттерді анықтай отырып, сабақтың тақырыбына сай мақал-мәтелді таңдай білді: Әдемі - өзін әдемі ұстаған адам. Сабақ барысында жаңартылған білім беру жүйесі бойынша әдістемелік ұсыныстар ескерілді.Бастауыш сынып мұғалімі: Патутина Н.М.