Текст
"IT үйірме" сабақтан тыс іс-шаралар бағдарламасы. Негізгі мақсаты мектеп оқушыларын компьютерлік бағдарламалардың мүмкіндіктерін терең зерттеу арқылы қазіргі жағдайда еңбек қызметіне даярлау болып табылады. Сондай-ақ курстың негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын ояту және қазіргі қоғам дамуындағы ақпараттық технологиялардың маңыздылығын түсіндіру болып табылады. Балалар сабақта түрлі жобалар жасауды үйренеді, Scratch бағдарламасымен жұмыс істейді, өз білімдерін бір-бірімен бөліседі. Балалар IT үйірмесіне қуана қатысады.