Текст
2023 жылдың 16 наурызында Ш. Уалиханов атындағы #8 мектебінде «Наурыз» көктем мерекесіне арналған 5-6 сыныптар арасында спорттық және интеллектуалдық сайыстар өткізілді. Оқушылар ұлттық ойындар элементтері: жамбы ату, күміс алу, орамал салу, арқан тарту эстафетасына қатысты. Тоғыз-құмалақ, бес асық, асық атудан да турнирлер өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру; үйлестіруді, ұқыптылықты, дәлдікті төзімділік пен ептілікті дамыту; Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, достыққа, өзара қолдау көрсетуге тәрбиелеу.