Текст
Бүгін, 2023 жылдың 13-мамырында "Ақмола облысы Білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі " КММ-сі «Жасыл мекен» экологиялық челленджіне қатысты.
9-11 сынып оқушылары дәстүрлі түрде мектеп алаңына ағаш көшеттерін отырғызды. Атаулы шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Ф.Б.Есжанова және 6-шағынаудан ардагерлер кеңесінің төрайымы Р.Л. Наумова шақырылды.