Текст
21 қыркүйекте «№8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де өрт сөндіру бойынша оқу-жаттығулар өтті.
Бұл шараға 2 «Б» сыныбының оқушылары да қатысты. Жаттығудан кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері оқушылармен өрт қауіпсіздігі бойынша әңгіме жүргізілді. Қиындықтың алдын алу үшін не істеуге болмайтынын айтып, күтпеген жағдайда балаларды қалай дұрыс ұстау керектігін айтты. Әңгіме соңында әр оқушыға кітапшалар табысталды.