Текст
"Қазақстанның ұлттық ойындарын жаңғырту" жобасы аясында, 2023 жылғы 13 қарашада № 8 Ш. Уәлиханов атындағы КММ-нің спорт залында тоғызқұмалақ пен Бес-асықтан 6 сынып оқушылары арасында турнирлер өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қабілеттері мен қозғалыс дағдыларын дамыту, Қазақ ұлттық ойындарына танымдық қызығушылық, сондай-ақ өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау.