Текст
Бүгін 23.01.24 ж "Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 мектепте" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қалалық семинары өтті. Тәжірибесі бар мұғалімдер мен қатар жас мамандар да кіші, орта, жоғары буындарда сабақ беріп өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сабақтардан соң "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты әдеби-сазды кеш болды. Балалар ән шырқап, ақындардың шығармаларынан үзінділер оқып,өз өнерлерін көрсетті. Кешті ұйымдастыруға үлесін қосқан музыка пәні мұғалімі Н. С Великоднаяға алғысымызды білдіреміз.Семинарға қатысқан қонақтар тәжірибе алмасумен қатар,сабақтарды ортаға салып, талқылап, өз ойларын айтып, жылы лебіздерін білдірді.