Бастауыш сыныптың онкүндігі аясында 24 қаңтар күні 1 «В» сыныбында «Өлең құрастыру.Үндегіш» тақырыбында сабақ өтті.Сабақтың мақсаты: Өлеңдегі ұйқастарды таңдау, жалғастыру. мәнерлеп және саналы оқу дағдыларын дамыту, сабақта өз жұмысын жоспарлау қабілеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмыс сезімін тәрбиелеу.Сабақта атмосфера қызу болды .Балалар белсенді ойлауға, зерттеушілік іс-әрекетке тартылды. Сабақтың кезеңдері бір-бірімен байланысты, әр түрлі іс-әрекет түрлері кезектесіп отырды.Сабақта жұмыс түрлері: ұжымдық, фронтальды, жұптық, топтық жұмыс.Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың жетістік жағдайлары құрылды.Барлық балалар қызығушылықпен жұмыс жасады.Ойын сәттері оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруға көмектесті.Сабақ мақсатына жетті.