Текст
Бастауыш сыныптың онкүндігі аясында 3-В сыныбында жаратылыстану пәнінен «Топырақтың қандай түрлері бар?» атты ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: топырақ туралы негізгі білімдерін бекіту; дүние жүзіндегі және Қазақстандағы топырақ түрлерімен таныстыру; Сабақ барысында оқытудың белсенді әдістері: «Миға шабуыл», «Идеялар қоржыны», топпен және жеке жұмысты ұйымдастыру әдістері қолданылды.