Текст
Бастауыш сыныптың онкүндігі аясында 3 сынып оқушылары арасында «Ғажайыптар алаңы» интеллектуалды-танымдық ойыны өтті. Қызығушылықты дамыту, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын қызықты әрі достық жағдайда өтті. Ойынның барлық тапсырмалары оқушылардың шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін дамытуға, байқағыштығын, қиялын, зейінін дамытуға ықпал етті. Ойын барысында балалар өзгенің пікіріне құрметпен қарауды, жолдастықты, төзімділік сезімін, салауатты бәсеке жағдайында ойын ережелерін сақтай білуді көрсетті. Нәтижесінде барлық қатысушылар алдағы жұмыс үшін жағымды эмоционалды көңіл-күйге ие болды.