Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің тіл форумы

04.05.2024

03.05.2024 жылы Ақмола облысы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің тіл форумы өтті. Форум барысында көптеген мәселелер талқыланды. Форум тақырыпқа сәйкес дайындалған көрмені тамашалаудан басталып, пікір алмасу және ұжымдық фотоға түсумен аяқталды. "Бастауыш сыныптағы оқу сауаттылығы" атты баяндамасымен Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы оқытудағы кедергілерді орыс және қазақ сыныптарын салыстыра отырып, атап өтті. Сонымен қатар форумда филология ғылымдарының докторлары, профессорлар өз баяндамаларымен, зерттеулерімен таныстырды. Пікір алмасу барысында мектеп ұстаздары оқытудағы кедергілерді айтты, өз тәжірибелерімен бөлісті. Форумға мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ақбар Меридиан Ардақұлы мен Қуантқан Гүлнұр Сейлханқызы барды.

Просмотров: 243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст