"Ақмола облысы Білім басқармасы Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Степногорск қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (мекен-жай: Степногорск қаласы, 6 шағынауданы, 4 ғимарат,контакт нөмірі 8(71645)74320, 8(71645)74317, эл.почта step_myschool8@mail.ru) бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі – 1 орын;
химия пәні мұғалімі – 1 орын;
математика мұғалімі – 1 орын;
информатика мұғалімі – 1 орын;
ағылшын тілі мұғалімі – 1 орын;
АӘД оқытуын ұйымдастырушысы – 1 орын;
мектепалды даярлық тәрбиешісі – 1 орын, жалақысы 200 000 теңгеден бастап
Қажетті құжаттар 25.07.2024ж бастап 02.08.2024ж дейін Степногорск қ., 6 ықшам ауданы, 4 ғимараты, қабылдау бөлмесі немесе step_myschool8@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабыладанады.
Конкурс комиссиясының отырысы 2024 жылғы 05 тамызда сағат 11:00-де Степногорск қаласы, 6 ықшам ауданы мекенжайы бойынша, «Ш.Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлмесінде (мектеп басшысының кабинетінде) өтеді.
154. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) аттестаттау нәтижелері туралы куәлік немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі мұғалімі лауазымына үміткерлер үшін пән бойынша аттестаттау нәтижелері туралы сертификат немесе оқытушы-модератор немесе педагог-сарапшы, немесе оқытушы-зерттеуші, немесе оқытушы-магистр (бар болса) біліктілігі туралы куәлік немесе CELTA сертификаты (Ағылшын тіліндегі сертификат) Ересектерге тіл үйрету) PASS A; DELTA (Ағылшын тілін ересектерге оқыту бойынша диплом) тапсыру және одан жоғары немесе IELTS – 6,5 балл; немесе TOEFL (Internet Based Test (iBT)) – 60 – 65 балл;
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті арнайы пәндер бойынша оқытушы және өндірістік оқыту шебері ретінде бастаған, тиісті мамандық немесе бейіні бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар оқытушылар аттестациядан босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған бағалау парағы.
13) ұзақтығы кемінде 10 минут, кемінде 720 x 480 рұқсатымен тәжірибесі жоқ үміткерге арналған бейнебаян (өзін-өзі таныстыру).
155. Үміткер бар болған жағдайда оның білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) ұсынады.
156. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттың барлық қажетті үлгілерін мына сілтеме бойынша құжаттан табуға болады https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1200007495
Байқау нәтижелері білім беру ұйымының http://sc0012.stepnogorsk.aqmoedu.kz сайтында 05.08.24 жарияланады.