Текст
12.11.2020 жылы 4 «Б» сыныбында «Балалық шақ есігі» сынып сағаты өтті.Мақсаты: балаларға бақытты және қуанышты балалық шақ туралы түсінік беру, достық қарым-қатынасты дамыту, құқықтар мен міндеттер туралы ұмытпау.Сынып сағаты барысында балалар Қазақстан Республикасының азаматының барлық құқықтары мен міндеттерін және өздерінің үйдегі міндеттерін айтып берді, сұрақтарға жауап берді, балалық шақтары туралы әңгімелеп берді, кейбіреулері фотосуреттерімен бөлісті. Сынып сағатының соңында біздің бақытты және қуанышты балалық шақ бізге байланысты деген қорытындыға келдік.