Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Агрономиялық факультет

7M08104 - Фитосанитарлық мониторинг

Біліктілігі – «Фитосанитарный мониторинг», «Фитосанитарная оптимизация», «Гербология» мамандықтарды бойынша ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі (ғылыми-педагогикалық бағыт жәнебейіндік бағыт).

Оқу мерзімі - 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт),

 1 және 1,5 жыл (бейіндік бағыт).

Оқу түрі – күндізгі.

Курстың қысқаша сипаттамасы

Курс аяқталғаннан кейін магистранттар келесі дағдаларды игереді: фитосанитарлық  технологияларды құру; дербес фитосанитарлық мониторинг жүргізу; ауыл шаруашылығы өсімдіктерін зиянды ағзалардан, сондай-ақ карантиндік нысандардан қорғау шараларының жүйесін құру. Магистрлер зиянды және карантинді ағзаларға қарсы өсімдік қорғау және карантин саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, жоғары оқу орындарында ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жүргізе алады, өзін өсімдік қорғау және карантин бойынша мемлекеттік қызметте жүзеге асыра алады.

8D08104 - Фитосанитарлық технологиялар

Біліктілігі – «Фитосанитарлық технологиялар» мамандығы бойынша  философия докторы (PhD).

Оқу мерзімі  - 3 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт, бейіндік бағыт).

Оқу түрі – күндізгі.

 

Курстың қысқаша сипаттамасы

Курс аяқталғаннан кейін докторанттар карантиндік нысандардан қорғау шараларының жүйесін құру және өсімдіктерді қорғау саласындағы цифрландыру бойынша дағдыға ие болып, жоғары оқу орындарында ғылыми және педагогикалық жұмыстарды жүргізе алады.

Кейін өзін ғылыми қызметте ғылыми-зерттеу институттарында және  өсімдік қорғау және карантин бойынша мемлекеттік қызметте жүзеге асыра алады.

 

Сіздерді келесі білім беру бағдарламалардар бойынша жоғарғы білім алуға шақырады:

    B077-Өсімдік шаруашылығы:

     6В08104 «Фитосанитарлық қауіпсіздік»

М131-Өсімдік шаруашылығы:

7M08104  «Фитосанитарлық мониторинг»

D137-Өсімдік шаруашылығы:

  8D08104 «Фитосанитарлық технологиялар»

Байланыс үшін ақпарат:

Нұр-Сұлтан қ., Женіс данғ., 62 А

«С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ» КеАҚ

Агрономиялық факультет

«Өсімдік қорғау және карантин» кафедрасы

Жету жолы: 12, 19, 20, 21, 25, 26, 31, 40

автобустарымен
Телефон: 8 (7172) 31-75-50

Кафедра туралы

2013 жылы агрономиялық факультетте өсімдік қорғау және карантин кафедрасы құрылды.

Студенттерді білім беру бағдарламалар бойынша дайындау кафедраның жоғары профессионалды профессорлық-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етіледі, штаттағы ғылыми дәрежесі бар оқытушылар саны 100% - ды құрайды.

2020 жылдан бастап біздің университеттің жетекші серіктесі болып табылатын Франция "АгроПарижТех" университетінің ғалымдарымен және қызметкерлерімен бірге әзірленген 2 жаңа "Фитосанитария" және "Өсімдіктерді қорғау" ОП-дан 1 курсқа қабылданған бакалаврларды дайындау басталады.

Кафедра жақын және алыс шетелдердің ғылыми және оқу мекемелерімен тұрақты ынтымақтастықты ұстанады. 2015 жылдан бастап ҚР АШМ «Республикалық өсімдік карантині орталығы» ММ лабораторияларында дуальді білім беру жүзеге асырылуда.

Оқу және ғылыми мақсатта 5 лаборатория, бір фитотрон, 2 ғылыми орталық және биотехнология ҒЗИ.

Үздік көрсеткіштері

2 орын

ҚР жоғары оқу орындары арасында 2019 жылдың Ұлттық рейтингісі бойынша

1 орын

2018 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіне сәйкес.

1 орын

2018 жылы «Қазақстан 2050 - Инновациялар мен академиялық жетілдірудің ұлттық рейтингі» рейтингісінде ҚазАТУ ауыл шаруашылығы ЖОО арасында 2-орынға ие болды. 

  • Қажетті құжаттар тізімі: аттестат (диплом) түпнұсқа, 086-У және 063-нысанындағы медициналық анықтамалар, флюорография суреті, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, ҰБТ сертификаты.
  • Біздің мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қ, Жеңіс даңғылы 62. Бас ғимарат. Қабылдау комиссиясы. № 1219, 1220, 1221 кабинеттері.
  • Анықтама телефондары: 8(7172) 317-556, 398-018.
  • Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru

Келесі білім беру бағдарламалар бойынша іріктеу жүзеге асырылады:

6В08104 «Фитосанитарлық қауіпсіздік»

Дәреже: бакалавр

Оқу тілі:  қазақша, орысша, ағылшынша.

Түсу емтихандары: мектеп түлектері үшін бейіндік пәндер:

1 пән - биология, 2 пән - химия;

Колледж түлектері үшін, қысқартылған оқу түрі

1. жалпы кәсіптік пән - биология;

2. бейіндік пән - агрономия негіздері.

«Фитосанитарлық қауіпсіздік» білім беру бағдарламаларға түлектерінің кәсіби іс-әрекеті нысандарына:

  • барлық ауыл шаруашылық жерлер мен дақылдар түрлерін қорғау жүйелері;
  • питомниктер, жылыжайлар, қамбалар, жеміс-көкөніс қамбалары, элеваторлар, диірмен комбинаттары, қайта өңдеу зауыттары;
  • карантиндік жадығаттар, өсімдік текті өнімдер, техника, тұқымдар, отырғызылатын жадығат, пестицидтер, биоагенттер.

Қабылдау қағидалары сайтта "Талапкерге" бөлімінде орналастырылған: http://kazatu.kz/ru/abiturientu

ЖОО коды 002

Оқуын тәмәмдаған түлек қызмет жасай алады:

  • өсімдік қорғау және карантин мемлекеттік қызмет орындарында;
  • шекарадағы карантиндік посттарда;
  • фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталықтарында;
  • карантиндік зертханаларда;
  • интродукциялы-карантиндік питомниктерде;
  • фитосанитарлық қадағалау посттары жанындағы зертханаларда;
  • фитосанитарлық зертханалары мен фумигациялық топтары бар кәсіпорындарда;
  • ҚР АШМ ғылыми-өндірістік құрылымдарында;
  • Ауыл шаруашылық құрылымдарының, кәсіпорындарының барлық түрлерінде;
  • бақылау-токсикологиялық зертханаларда;
  • биологиялық әдіс зертханаларында, биофабрикаларда;
  • өсімдік қорғау құралдары мен техниканы сататын коммерциялық фирмаларда;
  • пестицидтерді өндіру және формуляциялау компанияларында;
  • көгалдандыру және ландшафт дизайны фирмаларында.
  • Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде мұғалім.
Жаңартылған күні: 13.07.2020 09:14
Құрылған күні: 13.07.2020 09:14

Текст