Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған сынып сағатын өткізу туралы ақпарат

1-ші сыныптарда "Қош бол, 1-ші сынып!"  атты сынып сағаты өткізілді. Тоқсандық және оқу жылы бойынша қорытындылары шығарылып, барлық оқушыларды 1 сыныптың сәтті аяқталуымен және 2 сыныпқа көшуімен құттықтады. Балалар өте жақсы оқығаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен бірге, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін қайталады. Ата-аналарға демалыс кезінде балалардың өмірі үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Балалардың жазғы бос уақытын қамту мәселелері қарастырылды. Балалар қызығушылықтары бойынша үйірмелерге қатысады. Жазда оқуға арналған шығармалар тізімі берілген.

2-4 сыныптарда 25 мамыр күні балалар мен олардың ата-аналарымен сынып сағаты өткізілді. Оқу жылының қорытындысы шығарылды (үздік оқу үшін мақтау қағаздары, конкурстарға қатысқаны үшін дипломдар табысталды). Балалар мен ата-аналар жыл бойы өткен барлық іс-шараларды қуана еске алып, өз әсерлерімен бөлісті, бір-біріне жылы сөздер тіледі.

Сонымен қатар, ең белсенді және креативті ата-аналар марапатталды.

Жазғы демалысты пайдалы және қауіпсіз өткізу туралы ұсыныстармен де танысты.

         5-8 сыныптарында 25.05  " Ура! Демалыс"атты сынып сағаты өткізілді.

Жыл қорытындысы шығарылды, мақтау қағаздары, urfоdu олимпиадасына қатысу дипломдары, сынып және мектеп өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар табыс етілді(вертуалды).Сонымен қатар, қайта орманда және суда сақтану керектігі туралы сақтық шаралары туралы презентацияны көрді.

Ата-аналар үшін жазғы кезеңде мектептен тыс мекемелердің жұмысы туралы ақпарат жеткізілді. Жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі үшін ата-аналардың жауапкершілігі туралы нұсқаулық берілді. Ең белсенді ата-аналар алғыс хаттармен марапатталды.

                 10 " А "сыныбында "Мәреге дейін бір қадам" атты сынып сағаты өтті.

Оқу жылының қорытындысы шығарылды, жазғы демалыста қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді, жаңа оқу жылына дайындық бойынша ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Алда демалыс, бірақ оныншы сыныпты міндетті ОӨК-ғы екі жұмалық тәжірибе күтеді,содан кейін ғана "Алақай! Демалыс" соңғы мектеп демалысы...

         11-сыныпта ата-аналармен және оқушылармен «Қауіпсіз жазға арналған 10 ереже» атты сынып сағаты өтті. Іс-шараға қатысушыларға жазғы кезеңдегі қоғамдық орындардағы тәртіп, су объектілерін, орманда күтіп тұрған қауіптер туралы ақпарат ұсынылды. Карантин жағдайында мінез-құлық ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды. Ата-аналарға кәмелетке толмағандар үшін мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Жаңартылған күні: 21.05.2020 12:49
Құрылған күні: 27.05.2020 09:57

Текст