Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар

1 - тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар)   орта мектепте қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын орындау, білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін бөлуде шамадан тыс жүктемеге, қарқындылығына жол бермеу, сондай-ақ педагогтерге әдістемелік көмек көрсету үшін оңтайлы жағдайларды жасау мақсатында әзірленді.

2. Қашықтықтан оқыту әрбір сыныпқа арналған  сабақтың басталу және аяқталу уақыты көрсетілмеген икемді кесте (білім алушылар күніне қанша және қандай оқу пәндері екенін біледі) негізінде жүргізіледі.

           3. Қашықтықтан оқыту кезінде «үй тапсырмасы» деген дәстүрлі ұғым болмайды, сабақ кезінде пәні мен сыныбына қарай  оқушы орындайтын оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша оқу тапсырмалары дегенді білдіреді.

 

2- тарау. Педагогтің өзіндік жұмысты ұйымдастыру процесі

 

4. Педагог қашықтықтан оқыту кезінде білім алушылардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Оқу тапсырмалары оқу пәні бойынша сабақ кестеде көзделген күні беріледі. Мысалы, сабақ кестесінде пән сәрсенбі және жұма күндері тұрса, тиісінше оқу тапсырмалары тек осы күндері ғана беріледі.

 5. Педагог оқу тапсырмаларын білім алушыларға сабақ кестесіне сәйкес, осы пән кестеде тұрған кезде күніне бір рет жібереді.

         Сабақ кестесінде  жоқ пәндер бойынша оқу тапсырмаларын қосымша жіберуге жол берілмейді.

6. Педагог оқу тапсырмаларын жазбаша түрде грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып ресімдейді, ол сауатты құрастырылған және түсінікті болуы тиіс.

7. Педагогке оқу тапсырмаларын дыбыстық хабарлама түрінде жіберуге жол берілмейді.

8. Бастауыш сынып педагогтерінен басқа педагогтер кері байланысты әр сабақта емес, өзінің қалауы бойынша бере алады.

         9. Білім алушыларды тұлғалық тәрбиелеуге, білім беру процесіне қатысушылардың (педагог, білім алушы, ата-ана /заңды өкіл) интернет-тәртібін, кибермәдениетін, кибергигиена дағдыларын қалыптастыруға бағытталған этикалық және педагогикалық нормаларды ескерумен қоса интернет-платформаларды, стриминг алаңдарын, WhatsApp және басқа да мессенджерлерді пайдалана  отырып педагог пен білім алушылардың өзара дұрыс іс-қимылы мен қарым-қатынасы қамтамасыз етіледі.

 

3-тарау. Біллім алушылардың тапсырмаларын орындау процессі

 

10. Білім алушылар оқу пәні бойынша оқу тапсырмаларын күн сайын күніне бір рет алады.

11. Білім алушылар жазбаша оқу тапсырмаларын орындап болған соң педагогке жібереді.

 

4 -тарау. Оқу тапсырмаларының көлемі және олардың

орындалу уақыты

 

12. ҚО жағдайында оқу тапсырмаларының нақты көлемін анықтау үшін оқу пәндерінің үш тобын  анықтау ұсынылады

1-топ – өз бетінше оқуға арналған ауызша тапсырмалармен қатар оқу тапсырмасы жазбаша түрде беріледі және оны орындау үшін әрбір оқу пәні бойынша 10-20 минуттан аспайтын уақыт жұмсалады.

Бірінші топқа жатқызылатын оқу пәндері: Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Орыс тілі, Орыс әдебиеті әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Шетел тілі, Математика, Алгебра, Геометия, Физика, Биология, Химия, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, География, Жаратылыстану, Дүниетану.

2-топ өз бетінше оқуға арналған тапсырмалар, білім алушылардан міндетті кері байланыс талап етілмейді.

Екінші топқа жатқызылатын оқу пәндері: Информатика, Көркем еңбек, Музыка, Өзін-өзі тану, Құқық негіздері, Бастапқы әскери және технологиялық дайындық, Дене шынықтыру, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Графика және жобалау.

ҚО жағдайында оқу пәндерін топтарға бөлуді ескере отырып, оқу пәндері бойынша оқу тапсырмаларын орындауға ұсынылатын уақыт мөлшері:

  1. 15 – 40 минут аралығында  – Математика (Алгебра, Геометрия, Алгебра және анализ бастамалары, Физика, Химия.)
  2.  10 – 30 минут аралығында  – Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі, Орыс әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті.
  3. 15 – 25 минут аралығында  – Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Биология, География, Жаратылыстану, Дүниетану, Информатика, Шетел тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)

13.  1 – 4-сыныптардағы білім алушылар үшін ұсынылатын оқу тап сырмаларының көлемі:

Қазақ/Орыс тілдері:

1-сынып – 5-10 сөзден тұратын жаттығулар;

2 -сынып -  10-15 сөзден тұратын, бір грамматикалық тапсырмадан артық емес жаттығу;

3- сынып – 20-25 сөзден тұратын, бір грамматикалық тапсырмадан артық емес жаттығу;

4 -сынып – 30-35 сөзден тұратын, бір грамматикалық тапсырмадан артық емес жаттығу ұсынылады.

Әдебиеттік оқу:

1-сынып – оқу үшін 1 парақтан артық емес тапсырма;

2 -сынып – оқу үшін 2 парақтан артық емес тапсырма;

3 -сынып – оқу үшін 2 парақтан артық емес және мәтін бойынша 2 сұрақтан аспайтын тапсырма;

4 -сынып – оқу үшін 3 парақтан артық емес және мәтін бойынша 2 сұрақтан аспайтын тапсырма.

Математика:

1 -сынып -1 оқу тапсырмасы;

2 -сынып – 1 оқу тапсырмасы, соның ішінде бір мәтіндік тапсырма;

3 -сынып - 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде бір мәтіндік тапсырма;

4 -сынып - 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде бір мәтіндік тапсырма.

Дүниетану, Жаратылыстану:

1 -сынып – оқу үшін 1 парақтан артық емес тапсырма;

2-4 -сыныптар – 1 тарауға бір жоба.

Шетел тілі:

1-сынып -1 жаттығу;

2 -сынып - 2 жаттығу;

3 -сынып – 2 жаттығу;

4 -сынып – 3 жаттығу.

АКТ:

3 -сынып - 1 оқу тапсырмасы;

4 -сынып - 1 оқу тапсырмасы немес жоба.

Көркем еңбек

1-сынып – 1 оқу тапсырмасы немесе қолдан туынды жасау;

2-сынып – 1 оқу тапсырмасы немесе қолдан туынды жасау;

3-сынып – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде қолдан туынды жасау;

4-сынып - 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде жоба.

Музыка:

1-сынып –1 музыкалық туындыны тыңдау немесе музыкалық бейнересурсты қарау;

2-сынып – 1 музыкалық туындыны тыңдау, немесе 1  композитордың шығармашылығын меңгеру, немесе бейнересурсты қарау;

3-сынып – 2 музыкалық туындыны тыңдау, немесе 2  композитордың шығармашылығын меңгеру, немесе бейнересурсты қарау;

4-сынып – 3 музыкалық туындыны тыңдау, 2  композитордың шығармашылығын меңгеру, немесе бейнересурсты қарау.

Өзін-өзі тану:

1-сынып -1 оқу тапсырмасы;

2-сынып - 1 оқу тапсырмасы;

3-сынып - 2 оқу тапсырмасы;

4-сынып - 2 оқу тапсырмасы.

Дене шынықтыру:

1-4 сынып – жас ерекшеліктеріне сәйкес ұсынылған бейнересурстар бойынша жаттығуларды қарап орындау.

14. 5-11-сыныптардағы білім алушылар үшін оқу тапсырмаларының ұсынылатын көлемі:

Қазақ тілі, Орыс тілі:

5-7 -сыныптарда - 1 жаттығу;

8 -9 -сыныптарда – 1 шығармашалық жаттығу;

10-11 -сыныптарда – эссе жазу.

Қазақ әдебиеті, Орыс әдебиеті:

5-6 -сыныптарда – 2 парақ тапсырма оқу, 1 практикалық жаттығу орындау;

8-9 -сыныптарда – 3-4 парақ тапсырма оқу, 1-2 практикалық жаттығу орындау;

10-11 -сыныптарда – 5-6 парақ тапсырма оқу, эссе/мазмұндама жазу.

Ағылшын тілі:

5-6 -сыныптарда – 1 практикалық жаттығу;

7-8 -сыныптарда – 2 практикалық жаттығу;

9-10 -сыныптарда – 20 сөзден тұратын мәтін құрастыру;

11 -сыныпта – 25 сөзден тұратын әңгіме құрастыру.

Математика (Алгебра, Геометрия):

5-6 -сыныптарда – 2 оқу тапсырмасынан көп емес тапсырма;

7-11 -сыныптарда –3 оқу тапсырмасынан көп емес тапсырма орындау.

Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы:

5-6 -сыныптарда – 2-3 парақтан тұратын 1 параграфты оқу және/немесе тақырып бойынша бейнересурсты көру;

7-8 -сыныптарда – 3-4 парақтан тұратын 1 параграфты оқу және/немесе тақырып бойынша бейнересурсты көру;

9-11 -сыныптарда – 3-5 парақтан тұратын 1 параграфты оқу және/немесе тақырып бойынша бейнересурсты көру ұсынылады

Жаратылыстару, География, Биология:

5-6 -сыныптарда – 2-3  парақтан тұратын 1 параграфты оқу және/немесе тақырып бойынша бейнересурсты көру;

7-8 -сыныптарда – 3-4 парақтан тұратын 1 параграфты оқу және/немесе тақырып бойынша бейнересурсты көру;

9-11 -сыныптарда – 3-5 парақтан тұратын 1 параграфты оқу және/немесе тақырып бойынша бейнересурсты көру ұсынылады.

Физика, Химия:

7-11 -сыныптарда – 3-5 парақтан тұратын 1 параграфты оқу және 2 тапсырмадан көп емес тапсырма беру ұсынылады.

Информатика

5- 9 -сыныптарда – 2 оқу тапсырмасын орындау;

10-11 -сыныптарда – 2-3 оқу тапсырмасын орындау ұсынылады.

Көркем еңбек:

5-6-сыныптарда – 2 оқу тапсырмасын беру, соның ішінде шығармашылық жоба;

7-9 -сыныптарда – 3 оқу тапсырмасын беру, соның ішінде шығармашылық жоба.

Өзін-өзі тану:

5- 9 -сыныптарда – 2 оқу тапсырмасы;

10-11 -сыныптарда – 3 оқу тапсырмасы.

Құқық негіздері:

9-10 -сыныптарда – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде зерттеу жобасы.

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық:

10 -11 -сыныптарда – 2 оқу тапсырмасы.

           Дене шынықтыру:

5-9 -сыныптарда – жас ерекшеліктеріне сәйкес бейнересурстарда берілген дене жаттығуларын көру және орындау.

10-11 -сыныптарда – жас ерекшеліктеріне сәйкес бейнересурстарда берілген кешендік дене саптық жаттығуларды көру және орындау.

Кәсіпкерлік және бизнес негіздері:

          10 -сыныпта – «Start Up» жобасы бойынша 1 зерттеу жобасы.

         Графика және жобалау:

         10 -сыныпта – 2 оқу тапсырмасы, соның ішінде зерттеу жобасы.

            

 

Результаты согласования
13.04.2020 11:32:29: Мухамеджанова Г. Б. (Юридический Департамент) - - cогласовано без замечаний
13.04.2020 11:34:27: Мелдебекова М. Т. (Комитет дошкольного и среднего образования) - - cогласовано без замечаний
13.04.2020 11:40:00: Амиржанова Б. У. (Управление развития государственного языка) - - cогласовано без замечаний
13.04.2020 11:47:58: Каринова Ш. Т. (Руководство) - - cогласовано без замечаний
13.04.2020 12:13:24: Байжанов Н. А. (Юридический Департамент) - - cогласовано без замечаний
 

Жаңартылған күні: 30.04.2020 14:32
Құрылған күні: 30.04.2020 14:32

Текст