Қашықтан оқыту
Біздің мектебімізде қашықтықтан оқыту 2020 жылдың 6-сәуірінен басталды. Төртінші тоқсанның басынан бастап, мұғалімдерге білім берудің әр түрлі тиімді тұғырнамаларымен пайдалану ұсынылды. Мектеп ұстаздары телесабақтар мен Білімленд порталындағы кестеге сәйкес бекітілген сабақ кестесімен жұмыс істейді.
Мектеп ұстаздары мен оқушылар, ата-аналар қауымы электронды «Күнделік» жүйесін әлдеқашан меңгеріп алған. Осы электронды жүйе арқылы оқушылар тапсырмалар алады және орындалған жұмыс бойынша мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс жұмыстары жүргізіледі.

Кейбір оқушылар кері байланыс жасауда электронды пошта немесе Ватсапты қолданады.
Қашықтан оқыту ұстаздарға әрбір баланың білім деңгейін ескере отырып, тапсырмалар беру мүмкіндігін жаратты. Қашықтан оқытуға мектеп ұстаздары да, оқушылар да техникалық тұрғыдан (компьютер, планшет, ноутбук, смартфон) дайын, барлығы ғаламтор жүйесіне қосылған. Күнделікті сабақтардың көпшілігі Zoom платформасында ұйымдастырылып, өткізілуде. Бейнебайланыстағы сабақтар мен консультациялар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Бейнесабақтардың ұзақтығы 20 минуттан аспайды.

Қашықтан оқыту өтілген тақырып бойынша онлайн-лекция, жаттығулар және өз бетінше білімін жетілдіру тапсырмаларынан тұрады. Мұғалімдер қашықтан оқыта отырып, оқушылармен үнемі байланыста. Оқушылар тапсырмаларын онлайн тәртіпте алып, оны орындаған соң мұғалімге тексеруге жібереді, ал мұғалімдер тапсырма орындауға түрлі кеңестер мен ұсыныстар беріп, қалыптастырушы бағаларын қояды.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары Білімленд порталына толық тіркелген. Бұл платформада күнделікті сабақта мониторинг бойынша оқушы жұмысын тексеруге, телесабақтарды қайта қарауға, тапсырмаларды орындап, өз білімін жетілдіруге болады.

Жумабаева О. В.
Мәзір
- Ақмола облысынығ аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы
- 125 бұйрық
- Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8-сәуірдегі №135 бұйрығының ТЖБ өткізу туралы
- Приказ 108 о недопущению распространения инфекции
- Распределение обязанностей на время дистанционного обучения
- Қашықтықтан оқыту (ҚО) шеңберінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру және оқу тапсырмаларын орындау жөнінде педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар
- БҰЙРЫҚ 135 COVID-19 коронавирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы
- План организации дистанционного обучения
- Дистанционное обучение глазами школьников