Степногорск қаласының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы № 8 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біздің соцсеть

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жұмыс жоспары

  «А. П. Гайдар атындағы № 8 орта мектебі» КММ-нің кәсіптік бағдар беру бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

 

Мақсаты: Оқушыларға болашақ  кәсіби қызмет саласын және бейінді оқыту үдерісін таңдауда, еңбекке деген саналы көзқарас қалыптастырып, мамандықты еркін таңдау жағдайында  өз қабілеті мен мүмкіндігіне сай, еңбек нарығының сұранысына қарай   кәсіби салада  өзін-өзі анықтауға демеушілік қолдау көрсету.

Міндеттері: бейінді оқыту бағытын анықтау мақсатында оқушылардың қызығушылықтары, мүмкіндіктері, бейімділігі  туралы деректер жинау, тәрбие жұмыс шараларында, үйірме жұмыстары және элективті курс сабақтарында  кешенді және дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы бейінді оқытудың кең ауқымды вариативтік  мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, мамандық таңдауда қиналатын кейбір топтарға («қатер тобындағы» жағдайы нашар отбасы балаларына қосымша қолдау көрсету, қаланың қосымша және кәсіптік білім беру мекемелерімен біргелікте мектептің жоғары буын оқушыларына еңбек кооперациясы ның икемді жүйесін жасап  шығару.

 Жоспарды іске асыруда сұранысқа қажетті мамандарды дайындауға бағытталған кәсіпке бағдар беру шараларына  білім беру ұйымдарының ұстаздары, ата-аналардың белсенді қатысуы көзделеді.

 

Шаралар

Мерзімі

Жауапты

Оқушыларға кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыруға бағытталған шараларды нормативтік- құқықтық қамсыздандыру

 

Оқушыларға еңбек нарығына сай кәсіптік бағдар беруге бағытталған бағдарламаларды жасау және бекіту.

 

Жыл бойы

 

Мектеп директоры  

Кәсіптік бағдар беруге бағытталған әдебиеттерге шолу жасау, мектеп кітапханасында «Адам және мамандық» атты кітап көрмесін ұйымдастыру

Кітапхана меңгерушісі

Кәсіптік бағдар беруге бойынша  жұмыс жоспары туралы, кәсіптік бағдар беру бойынша жауапты тұлғаны тағайындау бұйрықтарын шығару

Қыркүйек

 

 

 

 

 

 

 

 Мектеп директоры

Мектеп, басқа да мекемелер және ұйымдарымен кәсіптік бағдар беру бойынша әрекеттестік жұмыс жооспарын жасау

ТЖ бойынша директор орынбасары

Кәсіптік бағдар беру бойынша ата-аналар және оқушылармен жұмыс жоспарын әзірлеу

ТЖ бойынша директор орынбасары

Оқушыларды кәсіптік бағдар және психологиялық тестілеуден өткізу  үшін автоматтандырылған 12 жұмыс орнын әзірлеу 

ӘШЖ бойынша директор орынбасары

Педагогикалық ұжыммен жұмыс

9-11 сынып түлектерін еңбекпен қамту және оқу орындарына түсу мәселелерін директор жанындағы кеңесте талқылау 

Тамыз

 

 ОТЖ бойынша директор орынбасары

 «Жаңа оқу жылына кәсіптік бағдар берудің жұмыс жоспары» туралы мәселесін қарастыру

 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

Әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін анықтау  бойынша кәсіптік бағдар  кеңесін өткізу:

«Оқушылардың кәсіп таңдауға дайындығын зерттеу» (5–6 сыныптар);

«Оқушының жеке ерекшелігі  мен бейімділігін анықтау  » (7–8 сыныптар);

«Оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін зерттеу» (9 сыныптар);

«Оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен болашаққа жоспарларын зерделеу»  (10–11сыныптар).

Жыл бойы

 

Педагог-психолог

Жаңа оқу жылына кәсіптік бағдар берудің жұмыс жоспарын  талдау нәтижелерін директор жанындағы отырыста  қарастыру

Қыркүйек

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

ОТЖ бойынша директор орынбасарының «Сыныпта кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру»  мәселесін талдау бойынша жұмысы 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

 

Сынып жетекшілерінің «Кәсіптік бағдар беру теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы әдістемелік  отырысы. «Кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың нормативтік- құқықтық қамсыздандырылуы»

Педагог-психолог

Еңбек және кәсіптік бағдар бойынша стенд пен кітапхана қорын толықтыру

Кітапхана меңгерушісі

9-11 сыныптарда пән мұғалімдерінің кәсіптік бағдар бойынша  жұмыс жүргізу деңгейін зерделеу отырысы 

Қазан

 

 

 

 

 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

 Жас ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпке бағдар беру жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшілеріне ұсыныстар әзірлеу  

ТЖ бойынша директор орынбасары

ҒӘЖ бойынша директор орынбасарымен  «Оқушылардың жетістіктерін бағалау түрі - портфолио» мәселесі бойынша жұмыс

Қараша

 

ҒӘЖ бойынша директор орынбасары

  «Бейінді оқыту перспективасы» ҒӘЖ бойынша директор орынбасары жанындағы кеңес. Талдау

Желтоқсан

 

 

 

 

 

ҒӘЖ бойынша директор орынбасары

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша дәрістер

  «Жоғары сыныптарда кәсіпке бағдарлау сабақтарының құрылымы.  "Менің кәсіби болашағым»

Педагог-психолог

Шеберлік сыныбы  «Кәсіптік бағдар ребусы»

ОТЖ бойынша директор орынбасары

«Оқушылардың  өмірлік және кәсіби өзін өзі анықтау негіздерінің қалыптасуы» бойынша педагогикалық кеңес мәселесі

Қаңтар

 

 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

 «Балаларының мамандық таңдау мәселелері бойынша ата-аналармен әдістемелік жұмыс» мәселелерін ТЖ бойынша директор орынбасарымен талқылау

Наурыз

 

 

 

 

  «Оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі сынып жетекшісінің рөлі»

Сәуір- Мамыр

 

 

Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс

Элективті курс, мамандық таңдау бойынша ата-аналарға жеке кеңес

Жыл бойы

Педагог-психолог

«Балалардың кәсіпті дұрыс таңдаудағы  отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналармен дәріс

қыркүйек

 

 

 

 

Сынып жетекшілері

  «Бейіналды дайындық» тақырыбына  ата-аналар жиналысы.  9 сынып

ОТЖ бойынша директор орынбасары

Балаларының бейінді таңдауына ата-аналардың көзқарасын анықтау сауалнамалары

Педагог-психолог

«Еңбек нарығы мен аймақтағы сұраныстағы мамандықтар» Дөңгелек үстел

Педагог-психолог

Психологиялық тренинг «Кәсіби дұрыс таңдау жасауда отбасының рөлі»

Қазан

 

 

 

 

Педагог-психолог

Отбасындағы балалардың  мамандықты саналы таңдауына дайындық бойынша ең үздік тәжірибелерді жалпылау

 

ТЖ бойынша директор орынбасары

Ата-аналарға кәсіптік дұрыс бағдар беру туралы буклеттер дайындау

ТЖ бойынша директор орынбасары

«Мамандық таңдауына көмек» ата-аналарға арналған дәріс

Қараша

 

Педагог-психолог

Жалпы ата-аналар жиналысына баяндама «Ата-аналар тарапынан кәсіптік таңдауды қолдау»

Қаңтар

 

Педагог-психолог

  «Отбасында еңбектену дағдыларын тәрбиелеу» (балалардың отбасындағы міндеттері)» тақырыбында ата-аналармен дәріс

Наурыз

 

 

 

Сынып жетекшілері

Оқырмандар  конференциясы  «Өмірдің мәні» және «Мамандық таңдау». Екеуін салыстырып бола ма?

Кітапхана меңгерушісі

Кітап көрмесі  «Кәсіп арқылы жетістікке жету»

Сәуір

 

Кітапхана меңгерушісі

 

Оқушыларды кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша ақпараттық қамсыздандыру

 «Кім болам»  газетін шығару

Ай сайын

ТЖ бойынша директор орынбасары

Байқаулар:

Сәндік-қолданбалы шығармашылық  (5–7 сыныптар);

техникалық шығармашылық (8–9 сыныптар);

 «Мамандықтың түрлері» сурет байқауы (1–4 сыныптар);

«Менің болашақ мамандығым» шығармалар байқауы (5–8 сынып);

«Отбасымыздағы мамандық» отбасылық шығарма (9–10 сыныптар);

Компьютерлік  презентация  «Мамандықтарға иллюстрациялар…2 (10–11 сыныптар);

 «Жас аспаз » (5–6 сыныптар);

«Жас сәнқойлар» (7–8 сыныптар);

 

Жыл бойы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЖ бойынша директор орынбасары

Кәсіптік білім беру мекемелеріне  саяхат

ТЖ бойынша директор орынбасары

Рөлдік ойындар:

«Өз жолыңды тап» (5 сынып);

«Менің кәсіби жоспарым» (6 сынып);

«Бізге ұсынылған мамандықтар» (7-8 сыныптар);

«Мамандықты қалай таңдау керек?» (9 сынып);

«Мамандықты саналы түрде таңдау қабілетін анықтау» (10 сынып);

«Өзін өзі басқару күні» (11 сынып);

Педагог-психолог

Кәсіпке бағдарлау тренингі (5–11 сынып):

«Өзіңді таны»;

«Біз таңдаған жол»;

«Мамандық таңдау» және т.б.

 

Педагог-психолог

Кітап көрмелері:

«Кәсіптік таңдау тұжырымдары»;

«Өз ісінің жұлдызы әркім болар»;

« Қалай студент боламын ».

Кітапхана меңгерушісі

Кітапханалық сабақтар:

«Қажетті мамандар»;

«Жаныңа жағымды мамандық»

«Мұнай мен адамдар» және т.б.

 

   

Кітапхана меңгерушісі

Білімдендіру бағыты болжау және анықтау нәтижелері бойынша жеке кеңес 

Педагог-психолог

Оқушылардың мамандық таңдаудағы қиыншылықтары бойынша кеңес    (ата-ана өтініші бойынша)

Педагог-психолог

Оқу-тәрбие жұмыстары барысында кәсіптік бағдар беру үшін келесі жұмыс түрлерін қолдану:

«Адам және табиғат»: биологиядан лабораторлық, практикалық жұмыстар;

«Адам және техника»:  физика, химиядан лабораторлық, практикалық жұмыстар; 

«Адам және адам»: тарихи тұлға, әдеби кейіпкерлердің мінездемелерін талдау, айналадағы адамдардың іс-әрекетін талдау, еңбек сабақтарындағы жұмыстарды орындау, ұжымдық жәнне спорттық ойындарға қатысу.     

«Адам және белгілер жүйесі»: әр түрлі пәндер бойынша жазба, ауызша, аударма жұмыстарын орындау.

«Адамкөркем бейне»: көркем әдебиет ерекшеліктерін талдау, сурет, музыка сабақтарындағы жұмыс, мектептің көркемөнерпаздар ұжымына қатысу.

 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

  1–4 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сынып сағаттары:

«Менің қызығушылық әлемім»;

«Мамандықтың бәрі жақсы»;

«Ата-анамның мамандығы»;

«Түрлі, қажетті, маңызды мамандықтар туралы»;

«Ас атасы нан» Пиццерия, наубайханаға саяхат

5–8 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сынып сағаттары:

«Мамандықтар әлемі. Адам және техника»;

«Әсемдік әлемі. Шаштараз. Сәндеуші. Шаштаразға саяхат»;

«Мамандықтар әлемі. Заң қорғаушылары. Құқыық қорғау қызметкерлерімен кездесу»;

  9–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сынып сағаттары:

«Өз өзіңді таны»;

«Мамандық таңдау себептері»;

«Мамандықтың психологиялық ерекшеліктері»;

«Ұстаздар мектеп түлегі»;

«Ғұлама қалай боламын. Шығармашыл адамның өмірлік ұстанымы»;

«Өмірдің мәні еңбек пен шығармашылық »;

«Болашақтың кірпішін өзің қала»;

«Мамандықтың жіктелуі».

Сынып жетекшілері

  1–4 сынып оқушыларымен сұхбаттасу тақырыптары

«Ата-анамның мамандығы»;

«Дастарқанға нан қалай келеді?»;

«Сирек ұшырасатын мамандықтар»;

«Менің мамандығым– кітапханашы»;

«Мамандықтарға саяхат»;

«Кім болғың келеді?»;

5–8 сынып оқушыларымен сұхбаттасу тақырыптары

 «Мамандық таңдауда білімнің рөлі»;

«Мамандық әлеміндегі адамның орны»;

«Ата-анамның кәсібі»;

«Адамға деген мамандықтың талабы»;

«Кәсіби қызмет және адамның әлеуметтік мәртебесі»;

«Не маңызды: "Кім болу" ма, әлде  "Қалай болу" ма?»;

9 сынып оқушыларымен сұхбаттасу тақырыптары

«Мамандық әлемінде»;

«Қажет мамандықты қалай таңдау керек?»;

«Мамандықтың бәрі жақсы»;

«Еңбек нарыы деген не?»;

«Адамның кәсіби құндылығы»;

Сынып жетекшілері

Болашақ мамандықты анықтау мақсатында кәсіби икемділігін болжау   (9–11 сыныптар)

Қыркүйек

 

 

 

 

 

        

Педагог-психолог

Мектеп түлектерін еңбекке тарту бойынша нақты және алдын ала болжам жасау арқылы деректер қорын толықтыру

 

ОТЖ бойынша директор орынбасары

Іскерлік ойын  «Мамандық туралы не білемін?» (5–6 сыныптар)

ТЖ бойынша директор орынбасары

Дөңгелек үстел «Шеберлік пен  талант» (9–11 сыныптар)

Педагог-психолог

Бейінді оқытуды таңдау барысында 9 сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтарын болжау 

Қазан

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог

9-11 сынып оқушыларымен кәсіпке бағдар бойынша болжам және кеңес

 «Түлектердің кәсіби бағытын бағалау»

Педагог-психолог

Сауалнама:

«Өзін өзі бағалау негізінде кәсіби қызығушылығын анықтау» (9 сынып);

«Болашақ кәсіби талғамым» (11 сынып);

«Кім болғым келеді?» (7–8 сыныптар).

Педагог-психолог

Викторина «Мамандықтар әлеміне саяхат» (7–8 сыныптар)

ТЖ бойынша директор орынбасары

 «Еңбек деген не?» дөңгелек үстел  (9–11 сыныптар)

Қараша

Сынып жетекшілері

Танымдық ойын «Кім көп мамандық біледі?» (5–6 сыныптар)

Қаңтар

 

 

 

 

 

 

 

  «Жақсы мамандық қаншама» (7–9 сыныптар)

ТЖ бойынша директор орынбасары

Мамандықтар  карнавалы   «Ғажайып істер»

ТЖ бойынша директор орынбасары

Іскерлік ойын «Мамандықтар жолымен» (7–8-сыныптар)

ТЖ бойынша директор орынбасары

Диспут «Мамандықты дұрыс таңдау мансапқа апарар алғашқы қадам» (10–11 сынып)

ТЖ бойынша директор орынбасары

Тұлғаның кәсібилік бейінін болжау  (қызығушылығы мен қабілеті)  (10–11 сынып)

Ақпан

 

 

Педагог-психолог

Мамандықтар жәрмеңкесі  «Білім көкжиегі» (10–11 сынып)

ТЖ бойынша директор орынбасары

Танымдық қызығушылықтарының бағыты мен деңгейін анықтау

 «Қызығушылық картасы» (8 сынып)

Наурыз

 

 

Педагог-психолог

Ток-шоу «Қалай кәсіпқой болуға болады?» (10-11 сыныптар)

ТЖ бойынша директор орынбасары

Кәсіпке бағдар беру апталығы

Сәуір

 

 

 

ТЖ бойынша директор орынбасары

 «Қайда оқысам болады?» дөңгелек үстел (9–11 сыныптар)

Педагог-психолог

 

Мамыр

 

 

 

 

Жоғары сыныптарды бейінді  оқытуды ұйымдастыру тиімділігі бойынша мониторинг  

Педагог-психолог

Оқырмандар конференциясы  «Әр түрлі саладағы ғұлама адамдар» (9–11 сынып)

Заведующий библиотекой

 

 

 

Жаңартылған күні: 16.05.2020 10:40
Құрылған күні: 16.05.2020 10:40

Текст