10.02.2025 ж. 5 "В" сыныбында "Біз буллингке қарсымыз!" атты сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты оқушылардың арасындағы буллинг мәселесін талқылау және оның алдын алу жолдарын анықтау .
Міндеттері:
* Оқушыларда буллингтің барлық көріністеріне қарсы негативті көзқарас қалыптастыру.
* Оқушылардың буллингті анықтау, алдын алу және оған қарсы тұру дағдыларын дамыту.
* Оқушыларда әр адамның жеке ерекшеліктеріне қарамастан, оның жеке басын құрметтеуді тәрбиелеу.
* Сыныпта әркім өзін қауіпсіз сезінетін қолдау және өзара көмек атмосферасын құру.
Сынып сағатында оқушылар "қатыгездік" және "агрессияны талдау" ұғымдарын талқылады, қорытындылар жасады және оларды шешу жолдарын іздеді, проблемаларды уақытында анықтау және көмек іздеу бойынша ұсыныстармен бөлісті.