Текст
2025 жылдың 11 наурызында Шоқан Уәлиханов атындағы № 8 мектебінде “Кәсіби эрудит” атты интеллектуалдық ойын өтті. Іс-шараға 9 сыныптардың оқушылары қатысты. Ойынның мақсаты – түрлі мамандықтар туралы білімді кеңейту, логикалық ойлауды және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Сайысқа бірнеше команда қатысып, әр команда өз сыныбын таныстырды. Мектеп мұғалімдерінен және кітапханашыдан құралған төрешілер алқасы командалардың жауаптарын жылдамдық, дұрыстық және толықтық критерийлері бойынша бағалады.
Ойын қорытындысы бойынша 9 Г командасы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара достық және танымдық атмосферада өтіп, қатысушыларға жарқын әсер қалдырды.