Текст
Бүгін, 2 қыркүйек күні, 7 "Г" сыныбында
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сынып сағаты өтті.
2025–2026 жаңа оқу жылының алғашқы сынып сағаты ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Сынып сағаты барысында оқушылар «Адал азамат» жобасы аясында жыл бойы атқарылатын жұмыстармен танысты.
Отанымыз – Қазақстан туралы презентация көрсетіліп, оқушылар еліміздің тарихы мен Тәуелсіздігіне қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді.
Әсіресе, ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты қойылған сұрақтарға қызығушылықпен қатысып, өз білімдерін көрсетті.
Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы жоғары деңгейде болды.