Текст
2021 жылдың 25 мамырында «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Шоқан Уалиханов атындағы № 8 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінде салтанатты «Соңғы қоңырау» мерекесі өтті.
Мектеп түлектерін мектеп басшысы М.М. Есжанов, еңбек ардагері Л.Н. Ковалева, алғашқы ұстаздары мен ата-аналар құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Салтанатты мерекеде мектеп түлектері алтын ұя мектебі жайлы әндер айтып, тақпақтар оқып, мектеппен қоштасу вальсін биледі. Мұғалімдерге алғысын гүл шоқтарымен білдіріп, аспанға игі тілектерге толы шарларды ұшырды. Салтанатты шара 11 «А» оқушылары Черепанов Сергей мен Юлия Мазурдың дәстүрлі соңғы қоңырау соғу сыңғырымен өз мәресіне жетті.