11.09.2025
Тілдер декадасының ашылуына орай
10.09.2025ж. тілдер декадасының ашылуы аясында, 8 «В» сыныбында сайыстық сабақ өткізілді, тақырыбы «Үштілдік - заман талабы».
Сабақ барысы:
Оқушылармен таныстырылды:
• қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерудің маңыздылығы;
• үш тілде мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер;
• аударма және шығармашылық тапсырмалар.
Сынып сайысқа екі топқа бөлінді. Барлық оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, пікірталастарға қатысты. Сайыс нәтижесі бойынша ең белсенді және толық жауап берген топ жеңіске жетті.
Сабақ нәтижесі:
Сабақ соңында оқушылар өздерінің ана тілінде және шет тілдерде мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер бойынша білімдерін көрсетті.
Үй тапсырмасы:
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдерді жаттап, үш тілді пайдаланып шағын шығармашылық тапсырма дайындау.