Текст
«Шоқан Уәлиханов атындағы №8 жалпы орта білім беретін мектебі» аумағында 10 «А» сыныбының жас жігіттерімен 10 адамнан тұратын далалық оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Оқу-жаттығу бағдарламасына: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тактикалық, атыс, жауынгерлік, әскери топографиясы және жалпыәскери жарғылары енгізілді.Дала оқуының қорытындысы бойынша тест тапсырды. Жас жеткіншектерді құттықтап, жаңа оқу жылында толағай табыстар тілейміз.