Текст
8 қыркүйекте 1 "А"сыныбында"Менің отбасым - менің қорғаным" тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: "отбасы" ұғымын анықтау, "тату отбасы" ұғымын қалыптастыру, оқушыларда ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Балалар "отбасы" сөзінің мағынасын анықтады; ертегіні тыңдады; дәстүрлер, жылулық, жайлылық, қамқорлық, құрмет пен сүйіспеншілік өмір сүретін үй салды; отбасы мүшелері туралы жұмбақтар тапты. Соңында "Отбасы" деп аталатын күн жарқырады.
Сынып жетекшісі: Еске М. А.