Текст
Біздің елімізде ұлттық спорт түрлері қарқын алуда. 2 б сынып оқушылары дене шынықтыру сабағында қазақтың "асық ату" ұлттық ойынымен танысты. Мұғалім ойынның пайда болу тарихы туралы айтып, ойын ережелерімен таныстырды. Балалар өздерін асық атушылар ретінде сынап көрді, тіпті шағын турнир өткізді .