Текст
4-сыныпта "Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл" атты зияткерлік-танымдық сынып сағаты өтті. Әлемдік қоғамдастықтағы елдер үшін ұлттық валюта – теңгенің рөлі мен орнын айқындау.
2.Ұлттық валюта – теңгенің пайда болу тарихы бойынша ақпарат беру.
3. Отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сынып сағаты викторина элементтерімен қызықты өтті. Балалар ребустар дайындап, теңге туралы жұмбақтар ойлап тауып, басқа елдердің валюталарымен танысты. Банкноттарды ресімдеудегі қазақстандық валюта ғана екі тілді қамтитынын білдік.