2024 жылдың 16 мамырында «Ш.Уәлиханов атындағы №8 жалпы орта мектебі» КММ-де қорытынды ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесуге кәмелетке жасы толмағандар балалар істері жөніндегі полиция инспекторлары шақырылып, олар кәмелетке толмағандарды ойсыз әрекеттерден қорғаудың алдын алу шаралары, құқықбұзушылыққа қатысты заңды қатайту және жазғы уақыттағы уақытша тәртіп туралы айтты.
Мектеп басшысы М.М.Есжанов ата-аналарды биылғы жылдың қорытындыларымен және келер жылдың жоспарларымен таныстырды.
Мектеп басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кучерявенко С.Р. ата-аналарды демалыс кезіндегі жазғы жұмыс түрлері және балалардың демалысы қалай өтетінімен таныстырды. Мектеп басшысының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Хабибуллина З.М. ата-аналарға 2024 жылғы оқушылардың қорытынды аттестациясы жайлы айтты.